Қарағандыдағы автобус апатынан 1 адам қаза тауып, 18 адам зардап шекті

2127
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Облыстық полиция департаменті жолаушылар тасымалдайтын №41 және №146 бағытындағы екі автобустың соқтығыстқанын мәлімдеді.

«Жол—көлік оқиғасы салдарынан № 41 автобус жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, 15 жолаушы мен №146 маршрут жүргізушісі медицина мекемесіне жеткізілді», - деді ведомство.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Пікірлер