Жастар санатын 35 жасқа дейін ұлғайтпақ

3133
Adyrna.kz Telegram

Елімізде жастар санатын 35 жасқа дейін ұлғайту жоспарлануда.  Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Ақтау қаласында жастармен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Айтуынша, министрлік «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеген. Бұл жоба Мәжілісте мақұлданып, Сенатқа енгізілді.

Заң жобасы мемлекеттік органдардың бағыттарымен және құзыреттерімен толықтырылды. Осы Заңның негізгі жаңалықтарының бірі жастар санатын 35 жасқа дейін ұлғайту болады. Осылайша, Жастарды мемлекеттік қолдау аясы 2 есеге жуық (3,7 млн адамнан 6 млн адамға дейін) кеңейеді.

Аталған заң жобасында жастардың даму индексі енгізіліп, жастардың әлеуметтік қызметтері мен NEET санатындағы жастарға құқықты мәртебе беру қарастырылып отыр.

Пікірлер