Алматыда тігіншілік өнер бойынша шеберлік сыныбы өтті

1909
Adyrna.kz Telegram

Алматы сән және дизайн колледжінде тігінші, дизайнер Жәудір Құрбанқызымен шеберлік сыныбы өтті. 

Іс-шараның мақсаты - көтерілетін мәселелер арқылы жастарды болашақ өмірлік жоспарларына ынталандыру және шығармашылық әлеуетті дамыту.

Күн тәртібінде жастардың жұмыс және оқуға келгенде белсенділік танытпау себептерін анықтау, жастарға көмек беру және кәсіби бағдарлау түрлері, еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, жастарының қордаланған мәселелері туралы кездесу болды.

Іс-шара спикерлері Жәудір Құрбанқызы «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ және кәсіп пен оқуда жетістікке жеткен, еңбекқор Қазақстанға белгілі тұлғалары мансап және жеке өсу үшін өмірлік дағдыларды дамытудағы тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандық дизайн саласы және қай саланы белсенді дамыту керек, жастарды кәсіпкерлік қызметке оқыту, кәсіпкердің қажетті дағдылары, жастарға берілген мүмкіндік пен соны қалай дұрыс пайдалану керектігі жайында сөз болды.

Қатысушы студенттер маманға түрлі сауалдар қойып, әлемуеттік желі арқылы қалай табыс табуға болатыны жайлы ақпараттар білді.

Қатысқан жастар «Адырна» ҚҚ-ның арнайы сертификаттарымен марапатталды.

Пікірлер