Алекс Лесли: "Маған Қазақстанға кіруге ресми түрде тыйым салынған жоқ, бәрібір келемін!"

5161
Adyrna.kz Telegram

"Қазақ қыздарын сындырамын" деп желіні шулатқан “Алекс Лесли” лақап атымен танымал ресейлік пикапер Александр Кириллов өзінің телеграм-арнасында "Маған Қазақстанға кіруге ешкім ресми түрде тыйым салынған жоқ, рейсімді тоқтатпаймын" деп мәлімдеді. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.

"Маған Қазақстанға кіруге тыйым салынды деп БАҚ таратқан қауесеттерге сенбеңіздер. Менің Қазақстанға кіруіме тыйым салынғаны туралы ресми растау жоқ, ТАСС-та да, басқа басылымдардың бірде-біреуінде де ресми сілтеме жоқ. Мүмкін емес. Біз ешқандай заңды бұзып отырған жоқпыз. Мен рейсімді тоқтатпаймын. БАҚ-ның арандатуларына жол бермеңіздер", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының Полиция департаменті қабылданған шаралармен Ресей Федерациясының азаматы А.Кирилловтың Қазақстанға кіруіне бір жылға тыйым салынғанын мәлімдеген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер