Маңғыстаулық зияткерлер волейболадан өткен желілік спартакиадада жеңіс тұғырынан көрінді

3679
Adyrna.kz Telegram

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары республика көлемінде өткен волейболдан желілік спартакиадада жақсы нәтиже көрсетті. 

Атырау қаласындағы  өткен желілік спартакиадаға Ақтау, Қостанай, Орал, Ақтөбе қалаларындағы Зияткерлік мектеп спортшылары сайысқа түсті.  Үш күнге созылған ойын нәтижесі бойынша  ақтаулық  қыздар командасы жүлделі екінші орынды иеленсе, ұлдар командасы жалпы есеп бойынша үшінші орынға жайғасты. Осылайша республика көлемінде өткізіліп жатырған спартакиаданың желтоқсан айында өтетін финалдық ойындарына маңғыстаулық қыздар командасы жолдама алды.


Мектеп оқушыларын спортқа баулып жүрген, волейбол командаларының бапкері Венера Махметова оқушылар арасында өтетін жарыстардың көп болғанын қалайды.

Сайыс болған жерде жеңісте, жеңілісте болады. Бірақ спортшылармыздың тырысқанын бапкер ретінде байқадым. Өйткені дайындық кезеңіндегі ойындарға қарағанда жақсы нәтиже көрсетті. Бұдан бөлек мені қуантатын нәрсе,  қазіргі мектеп оқушыларының спортқа деген қызығушылықтары. Жастар салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен айналысуға бейім,- дейді Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Венера Махметов.

Спартакиада барысында жақсы ойын көрсеткен маңғыстаулық оқушы Әмірлан Хайрушев «Үздік шабуылшы» номинациясына лайық деп танылды. Ал, «Үздік ойыншы» номинациясын ақтаулық зияткер Кәмшат Жұмабек иеленді

Ойын тартысты өтті, қарсыластар  мықты дайындықпен келген.  Әрине бізде осал қарсылас болмадық, бар күшімізді салып үшінші орынға жайғастық. Бұл да жаман нәтиже емес. Ең бастысы бізге сеніп, жарысқа дайындаған бапкерлерімізге алғыс білдіреміз,- дейді «Үздік шабуылшы» Әмірлан Хайрушев

 

Пікірлер