"Мерекеден - мереке..." - Қазақстанда жаңа мереке бекітілді

2631
Adyrna.kz Telegram

Енді Қазақстанда Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің мерекесі тойланады.  Мейрам 10 қараша күніне орайластырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» тиісті қаулыға қол қойды.

Сонымен қатар, 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі "Байланыс қызметкерлері" күні болып өзгертілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер