Солтүстік Қазақстандағы 226 ауыл ауыз суға жарымай отыр

4037
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/11/2021_03_26_2020111009581369088_2020073009081275777_chistaya-voda-1.jpg
Солтүстік Қазақстан облысындағы 226 ауыл тіршілік көзінен таршылық көріп отыр. Өңірдегі ауыз сумен қамтылған елде-мекендерде халықтык 26 пайызы ғана тұрады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
- Солтүстіктегі тұрғындардың басым көпшілігі өз күштерімен құдық қазып алған. Алайда құдықтағы судың сапасы талапқа сай келмейді. Таза суды көршілес елді-мекендерден тасып, жеткізетін тұрғындар да бар, - деп жазды qazaqstan.tv.
Ауыз су мәселесін басқару құрылымдары 2026 жылға дейін толық шешуді көздеп отыр. Облыс әкімдігі аудан басшыларына жобалық-сметалық құжаттарды жасауды жеделдетуді тапсырылды. Жоспар бойынша 16 елді-мекенді сумен  қамтамасыз ету үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 7,5 миллиард теңгеге қаражат бөлмек.
Пікірлер