Қайрат Сатыбалдыұлының қылмыстық жолмен табылған мүлкі мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«ТМД-дан тыс елдерде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сотталушыларға тиесілі құны 230 миллион доллардан асатын эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар анықталып, мемлекет кірісіне қайтарылды», - деді Антикор.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион доллар салғанын анықтады. Бұл сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.
Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттегі «Азаматтарға арналған үкімет» филиалында жүйелі заңбұзушылықтар анықталды. Депутат Үкіметке сауал жолдады
