Сәтбаев университетінде ҚХА мүшесі, Қазақ-Корей достығы қауымдастығының төрайымы Клара Ханмен кездесу өтті. Студенттер қонақтан ұйымның атқарып жатқан жұмыстары, елдегі бейбітшіліктің дамуына қосып жатқан үлесі туралы сұрап, сауалдарына сауатты жауап ала алды.
Іс-шараны Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі өткізді.