Павлодар облысында тағы да шөп өртеніп жатыр

3027
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының Май ауданында тағы да шөп өртеніп жатыр. Бұл туралы Pavlodarnews.kz. жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өрт Баскөл ауылдық округіне қарасты Жаңатілек ауылының жанындағы Ертіс өзенінің жағасында тұтанған. Жаңа шабылған 70 тоннаға жуық шөптің жанып жатқаны туралы хабар облыстық төтенше жағдайлар департаментіне кеше келіп түскен.

“23 қазан күнгі сағат 10:30-дағы жағдай бойынша өрт 5 ошақта 140 гектарға жуық аумақта тіркелген”, - деді департамент өкілдері.

1-ошақ – 15 гектар, 2-ошақ – 25 гектар, 3-ошақ – 37 гектар, 4-ошақ – 39 гектар, 5-ошақ – 24 гектар.

“Қолайсыз ауа райына байланысты өртті сөндіру қиынға соғып жатыр. Оған қоса, 23 қазанда Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды. Жел күшейіп, жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін жетті. Ауылдарға қауіп жоқ”, - деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Қазір өрт болған жерде ТЖД-дан 4 техника, 23 адам, Баскөл өрт сөндіру бекетінің, Көктөбе орман шаруашылығының, Майсервис кәсіпорнының қызметкерлері және ерікті 50 адам жүр.

Пікірлер