Жетісайдағы өрт. Зардап шеккен ерлі-зайыптының жағдайы тұрақты

146
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IDLpVFJ4yuIwLXjed3uXHFm0k7yD0Wjt75OwPuDX.jpg

Түркістан облысындағы Алғабас ауылында 13 адамның өмірін қиған өрттен аман қалған ерлі-зайыптының жағдайы тұрақталған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Екі адам Шымкент қаласындағы гипербариялық оксигенация орталығынан шығарылып, Жетісайға жеткізілген.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта олар Жетісай аудандық орталық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

"1 желтоқсан күні түскен екі науқастың жағдайы қазір тұрақты. Екі пациент те күйік жарақатынан кейінгі кезеңде қажетті ем қабылдап жатыр. Аппаратсыз өздері демалып жатыр, өмірлік маңызды көрсеткіштері тұрақты. Емдеу шаралары бекітілген хаттамаға сәйкес жалғасып жатыр. Науқастардың жағдайы дәрігерлердің тұрақты бақылауында", — делінген ведомство хабарламасында.

Еске салсақ, Жетісайдағы өрттен 13 адам қаза тапты, олардың 10-ы бала.  Ал өрттен аман ққалған жеті жастағы қыз 30 қараша күні көз жұмған.

Пікірлер