"Қазақша сөйлеу ұлтшылдық" деп қазақтарды мазақ қылған Мухоряповтың Choco өнімдеріне бойкот жарияланды

2461
Adyrna.kz Telegram

Қазақтар бизнесмен Рамиль Мухоряповтың Choco өнімдеріне бойкот жариялады. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Мухоряпов елге қашып келген ресейліктермен өткен кездесуде "егер сіз орысша сұрап, сізге қазақша жауап берсе, сол адам ұлтшыл және оның мәдениеті төмен" деп қадап айтты.

Бір қызығы, Қазақстанда орысша білмейтін, сөйлеуге қиналатын адамдардың да баршылық екенін ол ұмытып кеткен сияқты. Және қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып саналатынын, демек біздің осы елде қазақша сөйлеуге моральді құқығымыз бар екенін Рамиль Мухоряпов жоққа шығарып тастады.

Бас прокуратура Мухоряповтың бұл сөздерін ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабы бойынша тексере алады. Тек ол үшін оның үстінен кез-келген Қазақстан азаматы шағым түсіруі тиіс.

Рамиль Мухоряповтың Chocofamily Holding қызметіне Chocolife.me купондары, Chocotravel авиабилет сервисі, Chocomart.kzLensmark.kz интернет-дүкендері, Chocofood.kz тағамға тапсырыс беру және жеткізу қызметі, iDoctor.kz дәрігер іздеу сервисі мен кэшбэк алуға арналған Рахмет мобильді қосымшасы кіреді. 2021 жылдың қортындысы бойынша холдинг выручкасы 17,8 миллион долларға жетті.

Choco өнімдерін тұтынбай, толық алмастыруға болады. Қазақ аудиториясы Chocolife.me купондарын BeSmart-қа, Chocotravel авиабилет сервисін Kaspi Тревелге, Chocomart.kzLensmark.kz интернет дүкендерін Kaspi.kz дүкеніне, iDoctor.kz дәрігер іздеу сервисін Doq.kz сервисіне, Рахмет кэшбек мобильді қосымшасын Dosmart қосымшасына алмастыра алады.

Әрине, Мухоряповтың ертең кешірім сұрайтыны анық. Бірақ "айтылған сөз - атылған оқ". Қазақ аудиториясының көңілін қалтыру бизнеске де, имиджге де бәрібір салқынын тигізбек.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер