Оралдық жастар дес бермеді

2018
Adyrna.kz Telegram

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Ақсай қаласының Бөрлі ауданында Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Қазталов, Сырым, Тасқала, Шыңғырлау аудандарының спортшылары мен Орал қаласынан командалары арасында волейболдан Батыс Қазақстан облысының күзгі чемпионаты өз мәресіне жетті.

Волейболды одан әрі дамыту және танымал ету, салауатты өмір салты қағидаттарын қалыптастыру, басқа қалалар мен облыстардың федерацияларымен ынтымақтастықты нығайту, спортшылардың кәсіби шеберлік деңгейін арттыру, ұлттық құрамаға мықтыларды анықтау мақсатында өткен жарысқа 130-дан аса жасөспірім қатысты.

Батыс Қазақстан облысының күзгі чемпионаты нәтижесінде 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасындабірінші орынды Орал қаласы командасы ұтып алса, екінші орынды Ақжайық ауданы, үшінші орынды Бөрлі ауданы командалары бөлісті. 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында да оралдықтарға ешкім тең келмеді. Екінші орынды орын Бөрлі ауданы, үшінші орынды Шыңғырлау ауданы командалары иеленді. Ал 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында да Орал қаласы командалары қарсыластарын шаң қаптырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Батыс Казақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының дипломдарымен, медальдарымен және кубоктарымен марапатталды.

Пікірлер