Бірлік – береке бастауы

2327
Adyrna.kz Telegram

19 қазан  2018  ж.  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы мен Әл-Фараби атындағы ҚазақҰУ-нің  шығыстану факультетінің ирантану бөлімінің ұйымдастыруымен   «Бірлік – береке бастауы» атты кеш болып өтті.  Кештің  мақсаты:  Қазақстандағы ел бірлігі идеясын  насихаттау болып табылады.Бұл кешке  «Ариана» ауған орталығының басшысы  Ахмадулла Васток, «Ариана»  ауған орталығы басшысының  орынбасары Азизи Рахимулло Азизулло, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының меңгерушісі   Габдуллин Кенжебек Тулепбергенович, Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің  шығыстану факультеті деканының орынбасары Канафьева Шынар Ерлановна,  «Адырна»  ұлттық-этнографиялық бірлестігінің басшылыры, Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-нің   шығыстану факультетінің  ПОҚ және парсы тілін меңгеріп жатқан Әл -Фараби атындағы ҚазҰУ және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық   универсиеттінің студенттері  қатысты.   Бұл кездесуді  модератор  «Адырна»  ұлттық-этнографиялық бірлестігінің белгілі журналисті, мәдениеттанушы Бердалы Оспан жүргізді.

«Ариана» орталығының төрағасы Ахмадулла Васток өз сөзінде  Рухани жаңғыру аясында болып жатқан шаралар – елдер арасындағы татулықты бекемдеп, одан әрі ынтымақтастықты нығайта түседі. Соның ішінде, Ауғанстан мен Қазақстан байланыстарының одан әрі дамуына да үлкен серпін береді. Қазақстан Ауғанстанның дамуына  ерекше көңіл бөліп отыр,  Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен   Қазақстан Ауғанстанға   2010 жылдан бері 1000 ауған жастарын тегін оқытып, қазіргі кезде  де Қазақстанның ЖОО ауған жастарын оқыту одан әрі өз жалғасын тауып отыр. Бұл үшін Ахмадулла Васток өз ризашылығын білдірді.

«Ариана ауған орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Азизи Рахимулло Азизулло да өз сөзінде  екі елдің арасындағы мәдени, экономикалық, дипломатиялық қатынастардың нығайып келе жатқандығын тілге тиек етті. Келешекте Ауғанстандағы университеттерінің бірі болған Кабул университетімен Қазақстандағы ЖОО байланыс жасауға болатынын айтып өтті.

Кеш барысында студенттер парсы тілінде қонақтарға  мынадай сұрақтар берді: Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы дипломатиялық байланыс қандай дәрежеде? Екі елдің арасындағы сауда-саттықты дамыту  мәселесі қандай жолға қойылған? Екі ел мәдениетінде ұқсастықтар бар ма? Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы  байланысты одан әрі нығайтудың жолдарын айта аласыз ба?

Қонақтар бұл сұрақтардың жауабын  парсы тілін үйреніп жатқан студенттерге  арнайы парсы тілінде жауап берді.

«Ариана ауған орталығы» қоғамдық бірлестігі өкілдері келешекте шығыстану факультетімен тығыз байланыс жасауға әзір екендігін айтып және осындай кешті ұйымдастырған ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

 

Садықова Р.К.

Пікірлер