Маңғыстау облысында жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды

3819
Adyrna.kz Telegram
Фото: Aykin.kz
Фото: Aykin.kz

Маңғыстауда теміржол өткелінде жұмысшыны бетон тіреуіш басып қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Lada.kz сайтының мәліметінше, 14 қазанда Маңғыстау облысындағы "РЗД-14-РЗД-15" теміржол өткелінде сым тарту жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшы көз жұмған.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша (Еңбекті қорғау ережесін бұзу) тергеу жүріп жатыр.

Өзге ақпараттар Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиясына байланысты жарияланбайды.

Пікірлер