Облыс әкімі қабылдамаған азамат өз-өзін өртеді

1111
Adyrna.kz Telegram

5 желтоқсан күні Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының жанында ер адам өзін-өзі өртеді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Азамат облыс әкімінің қабылдауына кірмек болған. Алайда ол дегеніне жете алмаған соң өзін өртеп жіберген. Ер адамды Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған. Бірақ,оның бұған көңілі толмай, жанғыш қоспамен өзін-өзі өртеп жіберді.

"Әкімдік қызметкерлері тұрғынға бүгін облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдамайтынын түсіндіріп, белгіленген күні қабылдауға келуін сұрады", - деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Полиция мен әкімдік қызметкерлері өртті сөндірді. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

Облыстық полиция бұл фактіге қатысты "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Пікірлер