Алматыда белгілі заңгер Айман Асанованы өлтірген күдікті анықталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қалалық Полиция департаменті осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен марқұм әйелдің бұрынғы жұбайы - 1974 жылы туған Н. есімді азамат іздеуде екендігін растады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді. Арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Тергеу барысы ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының бақылауында.