Ақтөбеде дәрігер тірі адамды өлілердің қатарына қосып жіберген

3932
Adyrna.kz Telegram
Фото: сюжеттен алынды
Фото: сюжеттен алынды

Ақтөбеде емхана дәрігері шатасып тірі адамды өлілердің қатарына қосып жіберген. 68 жастағы пациентті тексеру барысында оның цифрлық құжаттары түгелдей бұғатталғаны анықталған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, зейнеткердің банк есепшоты да қолжетімсіз болып қалған.

«Суыт хабарды» естіген қария дереу Халыққа қызмет көрсету орталығына барған. Ондағылар «Сіз қайтыс болғансыз, мына жерге қалай келдіңіз» деп әзілдепті.

Белгілі болғаны, тірі адамды өлілердің қатарына өзге емханадағы дәрігер қосып жіберіпті. Жұмысынан шатасқан маман зейнеткердің ЖСН номерінен жаңылысқан.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер