Путин мен Жапаров Астанада кездесуге келісті

3423
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстан басшысы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, Астанадағы саммитте кездесетіндерін мәлім етті. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазанда Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының бейресми саммиті өткен болатын. Қырғызстан басшысы оған бара алмады. Ресми саммит қараша айының ортасында Қазақстан астанасында өтеді деп жоспарланған.

«Саммит басталар алдында президент Путин Жапаровпен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынасқа қатысты мәселелерді талқылауды жалғастырды және Астанада кездесуге келісті», -  деп мәлімдеді Песков "Мәскеу.Кремль.Путин" бағдарламасында.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер