Шымкентте 25 қабатты зәулім үй тұрғызылуда

993
Adyrna.kz Telegram

Жалпы ауданы 5 га болатын “Шымкент сити”- да 25 қабатты, 20 блоктан тұратын үшінші мегаполистегі ең биік тұрғын үй кешені бой көтеруде. Құрылыс барысы қарқынды.

Жаңа тұрғын үй кешенін көруге қала әкімі М.Әйтенов арнайы барды. Шаһар басшысы мердігер мекемеге нысанның құрылысы барысында туындаған мәселелердің шешімінде жан жақты көмек көрсетілетінін атап өтті.

Айта кету керек, кешен жеке инвестор «Capital Invest Construction» ЖШС есебінен жүзеге асырылуда. Құрылыс толық аяқталған жағдайда 120 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген.

Бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 1, 2, 3 блоктардағы 4, 5 қабаттың және 6 блоктағы 10 қабаттың қабырғаларын салу аяқталды. Енді инженерлік желілер тартылып, бөлме аралық қабырғалары қаланады. 1,5 га алаң абаттандырылады.

 

Пікірлер