АҚШ Президенті тактикалық тұрғыдан ядролық қару қолдануды тұтас адамзаттың жер шарындағы соңғы тұяқ серпуімен теңестірді. Джо Байден ядролық армагеддон [жойылудың алдындағы ақырғы соғыс] жайлы Демократиялық партияның сайлауалды кеңесінде айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Америка басшысының сөзінше, Путин ядролық қару қолдану жайлы қылжақтап отырған жоқ.
- Әлем Кариб дағдарысынан кейін бұрын-cоңды мұндай ядролық қару қатерімен бетпе-бет келмеген, - деді Джо Байден.Сонымен қатар, Джо Байден Путиннің ядролық қару арқылы Еуропаға сес көрсетуге тырысатындығын да мәлімдеді.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
АҚШ реальды саясатпен айналысып жүр. Елшісінің қазақша сайрауы - сол саясатының жемісі. Орыс елшісінің қазақша сөйлегенін естіп көрдік пе?
