“Қырым кімдікі?” деп ресейліктерге сұрақ қойған блогер сотталды

5300
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық блогер Диас Құзайыров ресейліктерге тіл тигізгені үшін әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сот Құзайыровтың қоғамдық орында шу шығарып, өзге адамдарға күш көрсетіп, ұйымдастырушыларға балағат сөз айтқанын алға тартып отыр.

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысында блогердің 27 қыркүйекте қала мейрамханаларының бірінде шетелдіктерге арандатушылық сұрақтар қойғаны айтылған.

«Ол жанжал шығарып, YouTube арнасына видеожазба түсіріп, осы әрекеті арқылы қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасады»,—деді мамандар.

Айта кетейік, Диас Құзайров өз кінәсін мойындамады. Бұған дейін әлеуметтік желіде блогердің “Қырым кімдікі?” деп ресейліктерге сұрақ қойған бейнежазбасы қызу талқыланған еді.

Пікірлер