«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы шетел азаматтарының Қазақстанда ЖСН алуына байланысты жаңа қызмет түрлерін енгізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Біз шетел азаматтарына қызмет көрсету орталығында кезекті онлайн брондау мүмкіндігін енгіздік. Енді олар Халыққа қызмет көрсету орталығына баруды жоспарлап, ЖСН қалыптастыру қызметінің нәтижесін SMS арқылы ала алады», - деді мемлекеттік корпорация.