Медеу ауданында 5,7 км автомобиль жолы орташа жөндеуден өтті

2641
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек»,-деп қадап айтқан еді. Қазіргі таңда Алматы қаласының көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында бір қатар жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бүгінгі таңда Медеу ауданының көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін 1 млрд теңгеге ұзындығы 5,7 км Шығыс айналма автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы халқымен кездесуі барысында мәлім болды.

"Жыл басынан бастап 1,4 млрд теңгеге ұзындығы 21,4 км 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Онда тротуарлар салу да қамтылған. Бүгінгі күні 27 көше бойынша жұмыстар аяқталды. Уәлиханов көшесі мен Горный тұйық көшесі бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Оларды ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді  қала әкімі.

 

 

Пікірлер