Президент сайлауы: Кандидаттар 3 млн теңге жарна төлеп, 118 мың қол жинауы керек

2367
Adyrna.kz Telegram

Кезектен тыс Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну ертең басталады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«ҚР-ның Президенті лауазымына кандидаттарды ұсыну сайлау белгіленген күннің кейінгі келесі күнінде басталады. Яғни 2022 жылғы 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

 

Президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматы болуы;
  • ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;
  • Жоғары білімінің болуы;
  • Жасы 40-қа толған болуы;
  • Белсенді сайлау құқығының болуы;
  • Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.

 

Президенттікке үміткер болу үшін қанша қол жинау керек?

ОСК Төрағасы орынбасарының мәлімдеуінше, әр кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының қолы жиналуы тиіс.

«Президенттікке кандидаттарды қолдау үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет. Қол қою парақтарын беру кандидаттың Конституция мен Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін 5 күннің ішінде жүргізіледі», - дейді Константин Петров.

Оның айтуынша, Президенттікке кандидаттар 3 млн теңге жарна төлейді.

«Кандидаттардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтауды Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттаманы, дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші және кандидаттың сайлау жарнасын төлегенін растайтын түбіртекті өткізгеннен кейін 5 күн ішінде жүзеге асырады. Жарна мөлшері - 3 млн теңге», - дейді Петров.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер