Мектепке қатысты дау: "Мен аларымды алып қойғанмын!"

3519
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы қоғамдық кеңес мүшелері Құлан мектебі мен Қарақат ауылындағы шағын орталықты орта мектептің ахуалына қатысты дабыл қағуда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қоғамдық кеңес мүшелері  Исмаил Гериков мен Азамат Барменов құрылыс орындарын аралау барысында мектептің іргетасы жоқ, ал қабырғасы саман мен аралас кірпіштен қаланғанын анықтаған. Экспертиза мектеп іргетасы бар, қабырғасы қызыл кірпіштен қаланған деп көрсеткен. Белсенділер ауданның бұрынғы әкімі Садырқұлов пен білім бөлімінің басшысы Базарованың құрылыс жұмысы басталмай тұрып қаржының 75%-тен астамын, яғни 117 000 000 теңгені бірден аударғанын айтады.

-   Фото, видеодан көріп отырғанымыздай, ешқандай жұмыс жасалып жақан жоқ. Себебі, о бастан сапасыз басталған жұмысты байқаған ауыл жанашырлары жұмысты тоқтатқан... Енді Исмаил Мырза мердігермен сөйлессе, "мен аларымды алып қойғанмын, ештеңе істей алмайсың" деген әңгіме айтылған екен. Осы жіберген өрескел қателіктерге кім жауапты? Аудандық білім бөлімі басшысы, мектеп директорлар, жергілікті басшылар қайда қарап жүрді? - деп жазды қоғам белсенділері.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер