СҚО-дағы Обухов комбинаты үшін шайқас

2169
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан Обухов тау-кен байыту комбинатының құты қашты. Себебі, Тайынша ауданы әкімдігі комбинаттағы өндірісті тоқтатып, 430 адамды жұмысынан айырмақ. Бұл туралы Обухов тау-кен байыту комбинатының құрылтайшылары мен мердігерлік ұйым өкілдері хабарлады.

«Тиолайн» ЖШС-ның құрылтайшысы және атқарушы директоры Виктор Долгалевтің айтуынша, бүгінгі таңда 250 адам жұмысынан айрылғалы тұр, ал алдағы 2 айдан соң тағы 180 адам жұмыссыз қалады.
«Аудан әкімдігі өкілі Бур Андрей Николаевичтің өтініші бойынша аудан әкімінің хабардар болуымен кәсіпорын қызметі тоқтап тұр. Олар біздің жұмыс жасай алмай қалуымыз үшін қасақана өндіріске кедергі келтіріп отыр. Салдарынан 250 адам жұмысынан айрылғалы тұр, шамамен 2 айдан соң тағы 180 адам, барлығы 430 жұмыссыз қалады», – дейді Виктор Долгалев.
«Тиолайн» ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, комбинаттағы жағдай пайдалы қазбалардың бай кен орнын шетелдік инвесторға өткізіп беру мақсатында рейдерлік басып алу әрекетінен соң шиеленісіне түскен.

КБК өкілдерінің мәлімдеуінше, әңгіме «башқұрт сода компаниясы» төңірегіндегі дау-дамай жайлы болып отыр.
Өткен жылы ҚР ИИДМ бастамасымен КБК әзірлеген «Тиолайн» ЖШС-нан лицензия қайтарып алынғаннан соң құқық қорғау органдары кен орнында өндірілген барлық тиеп-жөнелтілетін өнімді тәркілейді, ал кәсіпорын жұмыс істейтін жерді жеке шаруа қожалығына ұзақ мерзімді жалға береді.
Бұл ретте әкімдік лицензияны қайтарып алу мәселесі әлі күнге дейін жабылмағанын, іс сотта қаралып жатқанын және қазіргі уақытта кәсіпорынның бөлінген жерде жұмыс істеуге толық құқығы бар екенін ескермейді.

Сонымен қатар СҚО Тайынша ауданы әкімдігі КБК жұмысы 7 685 612 080 000 теңге көлемінде тікелей залал келтірді деп есептейді.
«Солтүстік Қазақстан облысының 22 жылдық бюджеті – 323 млрд теңге. Бұл бүкіл облыстың бюджеті. Қазақстан бюджеті шамамен 15 триллион, ал мұнда 7 триллион. Біз бір жыл бұрын еңбек ұжымымен келісімшартты сақтау үшін облыс әкімі Құмар Ергібайұлымен кездесуге бардық. Нақтырақ айтқанда, бізді мәжбүрледі. Ол әкімдіктің пайдалы қазбаларға ешқандай қатысы жоқ екенін, қайта бұл министрліктің құзыретіндегі мәселеге екендігін айтты.

«Мен мұндай КБК барын білген де жоқпын» деп алып, тура бір жыл өткен соң, әкім аппараты пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің салдарынан зардап шегіп жатқандығын мәлімдеді. Яғни ол: «Мен кеннің не екенін де білмеймін», – дейді де кәсіпорынның алты айдан бері зиян келтіріп жатқанын хабарлайды. Әрине, бұл ашықтан-ашық отандық өндірушілердің беделін түсіру ғой», – дейді Данил Долгалев.
Айтуларынша, кәсіпорынға қызығушылық олардың титан-цирконий концентратын өндіру және қайта өңдеу бойынша әлемдік көшбасшылардың үштігіне кіргеннен кейін басталған.

Бүгінгі таңда Виктор Долгалевтің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Тіпті олардың бірінде Ресей Федерациясының азаматшасы Е.Плугинаға 1 млрд 900 млн теңгеге «жәбірленуші» деп танылған.
«Олар мені Қазақстан Республикасында бір күнде жұмыс істемеген Ресей азаматшасы Плугинаға 1 млрд 900 млн теңгеге қарыз қылып отыр», – деп түсіндірді Виктор Долгалев.
Кәсіпорын қызметкерлері ел басшылығы неге оларға жұмыс істеуге мүмкіндік бермейтінін түсінбейді. Сондай-ақ олар кезектен тыс президенттік сайлау қарсаңында Обухов КБК айналасындағы мәселе мен заңсыздыққа назар аударылады деген үмітте.

Айта кетейік, Обухов ГОК Ресей, Қытай, Үндістан, Малайзия, БАӘ-теріне экспорттайтын цирконий концентратын шығарады. Бұл өнім ұялы телефондар, компьютерлер өндірісінде, атом өнеркәсібінде қолданылады. Зауыт цирконийден концентрат өндірілетін әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. 430 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Кәсіпорындағы орташа жалақы 445 000 теңгені құрайды.

Пікірлер