Респонденттердің 82,4% - ы Тоқаевтың саяси бастамаларын қолдайды

2404
Adyrna.kz Telegram

Қоғамдық саясат институты 2022 жылғы 7 қыркүйекте телефон арқылы сауалнама жүргізді. Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен 17 облыстың қала және ауыл тұрғындары арасында 18 жастан асқан 2394 респонденттен сауалнама алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зерттеу нәтижелері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген саяси бастамаларды халықтың оң қабылдағанын көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Президенттің өкілеттік мерзімінің саны мен ұзақтығын қайта қарауды ұсынған болатын. Атап айтқанда, Президенттің мандатын екінші рет қайта сайлану құқығынсыз 7 жылға созылатын тек бір мерзіммен шектеу туралы бастама көтерілді.

Сұралғандардың басым көпшілігі (82,4%) бұл саяси жаңашылдықты қолдайды.

Бұл бастаманы қолдайтындар негізінен мынадай дәлел келтіреді:

- 7 жыл ішінде кез-келген сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға болады  (61,7%);

- 7 жыл ішінде биліктің барлық құрылымдарын монополиялап алу мүмкін емес (14,9%).

Сондай-ақ, әрбір 5-ші респондент үшін(19,5%) ең басты мәселе - Президенттің тек бір рет қана сайланатыны.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер