ОҢҒАР ҚАБДЕН: МӘМС-тің жылдық бюджеті 2 триллион 300 миллиард!

4401
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда былыққа батпаған сала қалмады. Бірақ, былығы бетіне шығып, жұрт жиі шағымданған сала ол-медицина. Медицинамыздың деңгейінің қаншалықты екенін пандемия көрсетті. Жұрт дәрі тұрмақ бетке тағатын маска таппай, медицинаның "маскасы" сыпырылғаны да кеше ғана.

Содан кейін біздің білгіш билік МӘМС дегенді ойлап тапты. МӘМС дегеніңіз- Міндетті Әлеуметтік Медициналық Сақтандыру. Жалақыңыздың 3 % соған құйсаңыз сізге тегін медициналық көмек көрсетіледі. Құймасаңыз дәрігерге тегін қарала алмайсыз.

Аурухананың босағасында өліп қалсаңыз да МӘМС-сіз қарамайды. Бірақ, халықтың 75% осы МӘМС-ке көңілі толмайды. Көңілі толмағанды қойып, өтірік ақша жинағанды қысқартсын деп жатыр. Себебі, бұл жерді майлы ішекше айналдарған маңғаздар майшелпекке айналдырып алған. Бізді таң қалдырғаны Үкіметбасы Әлихан Смайылов қай жерде бастық болса сол жерге орынбасары болып баратын Айдын Ашуев осы МӘМС-тің директорлар кеңесінде екен.(1 сурет)

Смайылов пен Ашуевтің соңғы жылдардағы қызмет саласын салыстырып қараңыздар. Смайылов қайда барса Ашуев та сонда барады.(Екінші сурет Смайыловтікі үшінші сурет Ашуевтікі).
Премьер-министр неге өзінің сенімді замын жанынан тастамайды десек МӘМС-тің жылдық бюджеті 2 триллион 300 миллиардтың маңайында! (4сурет).


Айтпақшы, осы МӘМС-ті қарап отырып Директорлар Кеңесінен Жақсыбек Құлекеевті де көріп қалып шалқадан түсе жаздадық.(5 сурет).


Медициналық білімі жоқ адамдар медициналық сақтандырудың қорында не істеп жүр? Біз денсаулығымызды кімге сеніп тапсырып жүрміз?
Содан кейін ғой біздің елде ақшасы барлар Ташкент пен Бішкекке барып емделіп жүр. Ақшасы жоқтар ауруханаға емес, емшілерге барып жүр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер