Алматы облысында мектептердің біріне Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді

2425
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысындағы мектептердің біріне саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді. Бұл туралы желі қолданушысы Ерқанат Тұрсынжанұлы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыжаз ауылындағы орта мектепке, осы мектептің түлегі, мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлының есімі берілді. Құтты болсын!»—деді ол.

Айта кетейік, Алтынбек Сәрсенбайұлы — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2002-2003), Ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2004),"Ақ жол" саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі.

Пікірлер