Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады — Тоқаев

1944
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қордың қаржысына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз.

Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек.

Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады. Сонымен бірге, бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс»,—деді ол.

Пікірлер