Қытайлықтар қазақ қыздарына қызығушылық танытуда

4125
Adyrna.kz Telegram

Жақында Қытайдың үлкен ақпарат агентіктерінің бірі sina.com сайтында белгісіз автордың мақаласы жарияланды. Мақала тақырыбы: «Қытайлық турис жігіттердің Қазақстанға саяхаттауының басқаша себебі» деп аталады. Айтпағы, Қытай жігіттерін біздің елге қыдырып келуге қызықтыратын ең маңызды себеп — әдемі қыздарымыз екен.

Қытай сайтында жарияланған суреттер

Мақалада Қазақстанда ер мен әйелдер жан санының тепе-теңдігі сақталмағаны айтылады.

Ер – аз, әйел – көп. Оның үстіне қыздары өте сұлу. Сондықтан бұл елде ерлер «еркелеп» жүр. Тіпті, кейбір ерлер әйелінің жұмыс істеп, отбасын асырауына үйреніп алған. Сол үшін қытай жігіттер бұл елге барса «қыздар базарын» қыздыратыны сөзсіз.

Қазақстанның қазіргі дамуы өткен ғасырдың сексенінші жылдарындағы Қытайды елестетеді. Бұл елдің жерасты байлығы мол. Даму орайы көп. Қытай жігіттері еңбекқор, сауданың жайын жақсы біледі. Қазақстанға барса үлкен болашақ күтіп тұрғаны сөзсіз. Ол елде бір жігіт төрт әйел алуға болады. Демек, бұл жағдай да қытай жігіттерді батысты бетке алуға жігерлендіруі тиіс.

Ең маңыздысы, екі ел жақын көрші. Мемлекеттік байланыс жақсы. Екі елдің билігі жақын, достық қатынаста. Қазақстанға барған қытайлықтарға ешқандай қиындық тумайды.

Міне, бізге бұйырған «құдайы көршіміздің» көздегені осындай. Мақала авторының бар ойы қытайлықтарды барынша қызықтырып, Қазақстанға тұмсығынан жетелеп алып келу екені көрініп тұр.

Бір есептен, шетелдіктердің біздің елге осындай түсінікпен қарауына өзімізде себепкерміз. Мәселен, «елімізде бір жігітке жеті қыздан келеді» деп сандырақтап жүргендер қаншама. Ақылға сыймайтын осы сөз талай қыздың өзін қор сезінуіне, ақымақтау жігіттердің «қызтаңдағыш» ауыруға шалдығуына себеп болды. Орайы келгенде айта кетейік, статистика комитетінің мәліметі бойынша елімізде қазіргі таңда ерлер саны 8 865 101, әйелдер 9 439 397 адам. Демек, парық анау айтқандай алшақ емес.

Екіншіден, еліміз билігінің шетелдік кәсіпкерлер мен туристерді құшақ аша қарсы алатын ұстанымы оларды есіртіп жібергені шындық. Қазақстанда тек қазақтың ғана құқығы тапталатын, ал қалған ұлт пен халықтың құрметке бөленетіні жасырын емес. Осыны біліп алған Қытайлар да өз азаматтарының Қазақстанға келсе жаман болмасын біліп отыр, хабарлайды "Қазақ үні" порталы.

Пікірлер