Қаңтарда полицейлердің азаптауынан 6 адам көз жұмды - Бас прокуратура

2047
Adyrna.kz Telegram

Қаңтарда полицейлердің азаптауынан 6 адам қаза тапты. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Құқық қорғау қызметкерлерінің рұқсат етілмеген жауап алу әдістерін қолдану салдарынан жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу бойынша күдікті 6 адам қаза болғаны тергеумен анықталды. Бұл фактілердің барлығы арнайы прокурорлармен жан-жақты тергелуде, 15 құрылымдық күш қызметкерлері күдікті ретінде танылды, оларға түрлі бұлтартпау шаралары таңдалды", - деді Елдос Қилымжанов.

Сонымен бірге, Талдықорған қаласындағы блокпостарда және әскери бөлімнің жанында, сондай-ақ Алматы қаласындағы алаңда жекелеген азаматтардың қаза болуына әкеп соққан, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін бірқатар әскери қызметкерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылуда.

"Жоғарыда атап өткенімдей, бұл процесстің қиындығын және тергеудің ауқымдылығын ескере отырып, қалған адамдардың қаза болу мән-жайлары және олардың өліміне кінәлі адамдарды анықтау жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулердің аясында жүруде",- деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер