Бақыт Сұлтанов премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.