Алматыда екі қабатты ғимарат отқа оранып, қаланы түтін басты

252
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/08MebaNdUh1zr9oZcTF4JuYWTEX7ZeM9PvSSWHVg.jpg

Фото: 112kz

Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан екі қабатты ғимараттан өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ растады, деп хабарлайды “Адырна”.

Куәгерлердің айтуынша, ғимараттан көтерілген қою түтін қаланың бірнеше ауданынан көрінген. Әлеуметтік желі қолданушылары өрт шыққан нысанда караоке мен спорт кешені орналасқанын жазуда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде ғимаратты жалын шарпыған.

Өрттің көрші нысандарға таралу қаупіне байланысты қосымша күштер мен арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен қатар өртті сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін жедел штаб құрылған.

ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды.

Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Пікірлер