Қаскелеңде орман өртенді

193
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/K07M8aHZXtthTmWavZ6HesR521dGzFXAlWYG5Obl.webp

Қаскелең шатқалында жеке меншік жер учаскесінен мемлекеттік орман қоры аумағына тараған өрт оқшауланды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі хабарлады.

Ұлттық парктің мәліметінше, өрт 28 қазанда Ақсай филиалына қарасты Қаскелең орманшылығы аумағында тіркелген. Жалын ұлттық парк аумағында орнатылған орман өрттерін ерте анықтау жүйесі арқылы сағат 13:14-те анықталған.

Таулы жер бедері мен өрт ошағына арнайы техниканың жетуі қиындағандықтан, өрт сөндіру жұмыстары сағат 14:00-де басталған.

Өртті сөндіруге 43 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды. Мамандардың жедел әрекетінің нәтижесінде жалын сол күні сағат 16:50-де оқшауланды.

Ұлттық парк өкілдерінің айтуынша, өртті ерте анықтау жүйесі мен тиісті қызметтердің үйлесімді жұмысы жалынның одан әрі таралуына жол бермеуге мүмкіндік берген.

Пікірлер