Жер сілкінісінен зардап шеккендерге қыруар қаржы бөлінді

79
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/poGwPn07HycemWXKmCSYzWbs0qpOcOiyXcdKKQoF.webp

Қытай билігі жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету және бүлінген инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін 80 млн юань бөлді, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл шамамен 5,4 млрд теңгені құрайды.

Синьхуа дерегінше, жер сілкінісі бейсенбі күні сағат 22:33-те Нагчу қаласының Бачен уезінде болған. Зілзала салдарынан 16 адам қаза тауып, 76 адам жарақат алды.

Қытайдың қаржы министрлігі мен төтенше жағдайларды басқару министрлігі құтқару жұмыстарына және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуге 50 млн юань бөлді. Ал даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитет бүлінген инфрақұрылым мен қоғамдық нысандарды қалпына келтіруге орталық бюджеттен қосымша 30 млн юань қарастырды.

Сондай-ақ Қытай билігі төтенше жағдайға ден қою режимін төртінші деңгейден үшінші деңгейге дейін көтеріп, табиғи апаттарға байланысты жедел әрекет ету тетігін іске қосты.

Құтқару жұмыстарына 350 маман мен 83 арнайы техника жұмылдырылды.

Апаттан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек те жеткізілді. Жұма күні сағат 04:30-ға дейін аймаққа 1 000 уақытша баспана, 2 821 төсек, 3 239 шатыр, 4 280 көрпе және басқа да күнделікті қажетті заттар жеткізілген.

Пікірлер