Газдан уланған екі бала көз жұмды

108
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/e6Q6Ao9eNB2M7wyw8hUJcUyjU1YmxNed0pkYJFVB.webp

Шымкентте көпқабатты үйдегі пәтерде бес адам көміртегі тотығынан уланып, екі бала қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы жағдай туралы пәтерде алты сағат бойы ес-түссіз жатқан әйел оянғаннан кейін хабарлаған. Ол үйдегі 27 жастағы келіншектің әпкесіне қоңырау шалған. Зардап шеккендердің арасында 27 жастағы әйел мен оның 3 жастағы қызы бар. Әйелдің жағдайы жақсарып, токсикология бөліміне ауыстырылған. Ал қыз бала әлі жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, пәтерге газ плитасына арналмаған су жылытқыш орнатылған. Мамандар оқиғаның нақты себебін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.

Пікірлер