Жел салдарынан бес көлік өртеніп кетті

78
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hkQvfK5IqBZQFi934KdDVES3rLpDjwS5Sy0SCyIp.webp

Фото: Бейнеден алынған
Астанада көшедегі көлік тұрағында өрт шығып, бес көлік зақымданды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы ТЖМ хабарлады.

Өрт Сарайшық ауданындағы Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде, тұрғын үй кешенінің маңында болған. Қатты желдің салдарынан жалын жақын маңда тұрған көліктерге тез тараған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеті минут ішінде келіп, жалынды жедел сөндірді. Құтқарушылардың айтуынша, қатты жел кезінде өрттің таралу жылдамдығы арта түседі.

Мамандар көліктен түтін немесе өрт белгілері байқалса, дереу төтенше жағдайлар қызметіне хабарлауға шақырады.

Пікірлер