Қазақстанға рөлі оң жақта орналасқан көліктерді бөлшектеп әкелуге жарты жылға тыйым салынады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі «Оң рөлді жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттейтін кейбір мәселелер туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Руль оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасының аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін», - делінген құжатта.
Ведомство мәліметінше, бұйрық Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың кейбір баптарына сәйкес қабылданған.
Құжат ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.