Бортында 61 адам болған. Бразилияда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

1564
Adyrna.kz Telegram

9 тамыз күні, Бразилияның Сан-Паулу қаласына жақын жерде бортында 61 адам болған Voepass жолаушылар ұшағы  апатқа ұшырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жергілікті билік жолаушылар мен экипаждың ешқайсысы тірі қалмағанын хабарлады.

Әуе компаниясының хабарлауынша, ATR 72 қос моторлы турбовинт ұшағының бортында 62 адам болған: 58 жолаушы және төрт экипаж мүшесі. Кейінірек борттағылардың саны нақтыланып, билетті сатып алғандардың бірі рейске кешігіп келгені белгілі болды.  Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Осыдан соң Валинхош қаласының мэрі апаттан аман қалғандар жоқ деп хабарлады.

Ұшақ Каскавелден (Парана штаты Парагвай мен Аргентина шекарасына жақын) Гуарулос әуежайына ұшқан.

Әлеуметтік желілерде ұшақтың тігінен құлаған видеосы пайда болды.

Ұшақ тұрғын үй құрылысының ортасына құлаған, бірақ ол жерде ешкім зардап шеккен жоқ.

Бразилияның globonews телеарнасы айтарлықтай аумақты шарпыған түтін қалдықтары мен өртті көрсетті. Полиция мен өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

Flightradar24 веб-сайтының ақпаратына сәйкес, ұшақ 2010 жылы жасалған. Бразилияның азаматтық авиация жөніндегі ұлттық агенттігі кейінірек бұл ақпаратты растап, ұшақ жұмысында кінәрат болмағанын хабарлады.

Жергілікті әуе апаттарын тергеу қызметі апаттың себептері туралы әлі ақпарат жоқ екенін айтты.

Каскавелден ол жергілікті уақыт бойынша 11:46-да (Гринвич бойынша 14:46) ұшып шыққан. 13:21-ден бастап ол Сан-Паулу әуежайының диспетчерлерінің хабарламаларына жауап беруді тоқтатқан және бір минут ішінде радарлық экрандардан жоғалып кетті, деп хабарлады Бразилия әуе күштері.

Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва өзі қатысып отырған іс-шарада бір минут үнсіздік жариялады.

"Өте өкінішті. Қаза тапқандардың отбасылары және достарының қайғысына ортақпын”, – деп жазды ол.

Кейінірек ол елде қаза тапқандарға үш күндік аза тұту туралы жариялады.

Пікірлер