Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азиада чемпионы атанды

359
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/GSUfVrIsUp8nN8rv339snkal6OSC8m6piO4SarZH.jpg

Қазақстан құрамасы ХХ жазғы Азия ойындарында кезекті алтын медальға қол жеткізді. Семсерлесудің сапы бағдарламасында өнер көрсеткен ерлер құрамасы финалда Оңтүстік Корея спортшыларын жеңіп, жарыстың бас жүлдесін иеленді, деп хабарлайды "Адырна".

Финалдық бәсеке тартысты өтіп, қазақстандық семсерлесушілер қарсыласын 43:42 есебімен ұтты. Құрама сапында Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Руслан Курбанов өнер көрсетті.

Қазақстандық семсерлесу шеберлері үшін бұл — Азия ойындарындағы сапы бағдарламасындағы үшінші алтын жүлде. Айта кетейік, биыл отандастарымыз әлем чемпионатында да топ жарған болатын.

Қазақстанның Азиададағы осы бағдарлама бойынша бұған дейінгі нәтижелері:
1994 жыл, Хиросима — алтын;
1998 жыл, Бангкок — күміс;
2002 жыл, Пусан — алтын;
2006 жыл, Доха — қола;
2010 жыл, Гуанчжоу — күміс;
2014 жыл, Инчхон — қола;
2018 жыл, Джакарта — қола;
2022 жыл, Гуанчжоу — күміс.

Осылайша Қазақстан семсерлесу құрамасы Азия ойындарындағы жүлделер қорын тағы бір алтын медальмен толықтырды. Бұған дейін осы Азиадада қазақстандық семсерлесушілер бір күміс және үш қола медаль жеңіп алған еді.

Пікірлер