Азия ойындары. Қазақстан қоржынына тоғызыншы алтынды Ясмина Тоқсанбаева салды

106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dmaH5LrziQMfECaarbyclxiIzYzQteuiwwr9fcdU.webp

Фото: olympic.kz 

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна".

Спортшы спорттық жүрістен марафон қашықтығында бақ сынап, жарысты бірінші болып аяқтады. Тоқсанбаева 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Екінші орын Қытай спортшысы Даньцзэн Цюйцзунға бұйырды. Ол қашықтықты 3 сағат 26 минут 09 секундта жүріп өтті. Тағы бір қытайлық Ма Ли 3 сағат 32 минут 26 секунд нәтижесімен қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Ясмина Тоқсанбаеваның алтыны Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі болды.

Ерлер арасындағы жарыста Қазақстан атынан сынға түскен Георгий Шейко мәреге алтыншы болып жетті.

Пікірлер