АҚШ «исламдық қауіп теориясын» бүкіл әлемге таратуда - қытайлық БАҚ

2922
Adyrna.kz Telegram
Фото: Russian.china.org
Фото: Russian.china.org

АҚШ түрме мен азаптауды теріс пайдаланып, діни бостандық пен адамдық қадір-қасиетке қол сұғып, «өркениеттер қақтығысын» туғызуда. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі сейсенбі күні жариялаған АҚШ-тың адам құқықтарын бұзуы туралы баяндамасында айтылғанын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«АҚШ Таяу Шығыста және одан тыс жерлерде адам құқықтарына қатысты ауыр қылмыстар жасайды» деп аталатын бұл баяндаманы Қытайдың адам құқықтарын зерттеу қоғамы жариялады.

Баяндамада Америка Құрама Штаттарының өркениеттердің әртүрлілігін құрметтемейтіні, әрқашан ислам өркениетіне дұшпандық танытқаны, Таяу Шығыстың тарихи және мәдени мұраларын жойып, мұсылмандарды түрмеге қамап, аяусыз азаптап, халықтардың негізгі құқықтарын өрескел бұзғаны атап өтілді.

«Америка Құрама Штаттары «исламдық қауіп теориясын» бүкіл әлемге таратуда. Олар батыстық және христиандық өркениеттердің артықшылығын уағыздайды, батыстық емес өркениеттерді менсінбейді және ислам өркениетін «артта қалу», «террор» және «зорлық-зомбылық» деп таңбалайды», - делінген хабарламада.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер