Иран барлық мемлекеттерді үш санатқа бөліп, Ормұз бұғазына қатысты жағдайды талдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Al Jazeera-ға сілтеп.
БАҚ дерегіне сәйкес, «дос» санатындағы мемлекеттерге Ормұз бұғазы арқылы еркін өту құқығы берілсе, «бейтарап» мемлекеттерге айтарлықтай төлем төлеу міндеттеледі. Ал «дұшпан» деп танылған мемлекеттердің бұғаздан өтуіне тыйым салынады.
Ирандық БАҚ мәліметінше, мемлекеттерді санатқа бөлу – бұғаздың мәртебесін өзгертуге бағытталған шара болып табылады.
Айта кетейік, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы мақсатты топ құрғанын хабарлаған едік.
Ұқсас жаңалықтар
