Иранға салынған санкциялар Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін – БАҚ

193
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ToH8tozz5zs0DiIsNkaoIdXKftFWQCNwmzcSYSOd.png

Фото ЖИ көмегімен жасалды

АҚШ-тың Иранға қарсы жаңа санкциялары Орталық Азия елдерінің Тегеранмен сауда және көлік байланысына кері әсер етуі мүмкін, дер хабарлайды “Адырна”. 

Бұл туралы The National Interest басылымы жазды.

Басылымның мәліметінше, Вашингтонның Иранға қатысты саясаты Орталық Азия елдерінің Ресей мен Қытайға тәуелділігін азайту стратегиясына қайшы келуі мүмкін. Әсіресе банк операциялары мен Иран арқылы өтетін көлік дәліздеріне қауіп жоғары.

Қазақстан мен Өзбекстан Иран аумағын Парсы шығанағы мен Үнді мұхитына шығу үшін пайдаланады. Ал Тәжікстан Ираннан жанармай импортын арттырып келеді.

Сарапшылардың пікірінше, екінші реттік санкциялар заңды саудаға да әсер етіп, тасымал, сақтандыру және банк операцияларының құнын қымбаттатуы мүмкін.

«Орталық Азия жаңа санкциялардың негізгі нысанына айналмауы мүмкін, алайда жанама зардаптың ең ірі бөлігін сезінуі ықтимал», – делінген мақалада.

Пікірлер