Құрылтай депутаттары тікелей эфирде ант беріп жатыр

76
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Nl5OhfYe95mHw5Izdl4xCFdp3qWLeHDhHDgqL7aV.jpg

Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында депутаттар ант қабылдады, деп хабарлайды "Адырна".

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", - деді жаңа депутаттар.

Ант беруді тікелей эфирден көре аласыздар. 

Ресми рәсімнен кейін депутаттар парламент спикерін сайлауға көшеді. Бұл лауазымға президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін «Әділет» партиясының жетекшісі Айбек Дәдебайды ұсынған еді.

Төраға сайланған соң Құрылтайдың вице-спикерлері анықталады. Бұдан бөлек жаңа парламенттің тұрақты комитеттерінің саны мен атаулары бекітіліп, олардың басшылары таңдалады.

Осы шаралардан кейін аталған комитеттерге кіретін депутаттардың толық құрамы белгілі болады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 23 тамызда өткен Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша 5 саяси партия 5 пайыздық межені еңсеріп, депутаттық мандаттарға ие болды.

Құрылтайдың 145 мандаты мынадай тәртіппен бөлінді:

  • «Әділет» – 110 мандат;
  • «Ауыл» – 10 мандат;
  • Respublica – 9 мандат;
  • «Ақ жол» – 8 мандат;
  • ЖСДП – 8 мандат.
Пікірлер