Непалда болған жойқын су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Оқиға 26 тамызда Непалдың Қытаймен шекаралас Расува ауданында болған су тасқынынан кейін белгілі болды. Табиғи апат салдарынан жүздеген турист хабар-ошарсыз кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандық туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен. Қазір оның қайда екені белгісіз.
СІМ мәліметінше, қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
