Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайға депутат болып сайланған бірқатар мемлекеттік қызметшіні атқарып отырған лауазымдарынан босатты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Мемлекет басшысының өкімімен Дархан Ахмедиев қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен, Ербол Адаев Президент Әкімшілігінің жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Алтай Абай да Президент Іс басқармасы басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар Үкімет қаулысымен Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұдан бөлек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстанның Солтүстік Македониядағы елшісі Сатыбалды Бұршақов қызметінен босатылды.
Аталған мемлекеттік қызметшілер «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізіміне енген болатын. Олар 23 тамызда өткен сайлау қорытындысы бойынша жаңа бір палаталы парламенттің депутаттық мандатына ие болды.
Сайлау нәтижесінде «Әділет» партиясы Құрылтайдағы 145 орынның 110-ын иеленді.
