БАӘ-де екі қазақстандық әйел көз жұмды

224
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/UYai3v83Pw49pDVuuY6vcBqP5EiTuPvGn4mYVPoQ.jpg

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық әйел көз жұмды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі Ақжан мен Жұлдыз Бохановалардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, Дубайдағы қазақстандық дипломаттардың олардың отбасына көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

«Қазақстанның Дубай қаласындағы Бас консулдығы барлық қажетті консулдық-құқықтық қолдау көрсетуде. Оның ішінде құжаттарды рәсімдеуге және азаматтардың қаза болу мән-жайына байланысты БАӘ-нің құзырлы органдарымен өзара іс-қимыл жасауға жәрдем берілуде. Қазақстан азаматтарының қаза болу себептерін БАӘ-нің тиісті органдары анықтап жатыр», – делінген хабарламада.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланған жоқ.

Марқұмдардың жақындарының мәліметінше, 2004 және 2006 жылы дүниеге келген екі бойжеткен Шарджа қаласында еңбек еткен. Олар тамыз айының соңында немесе қыркүйек айының басында елге оралмақ болған. Алайда шамамен бір апта бұрын қыздар туыстарымен байланысқа шықпай қалған.

Пікірлер